← Блог

МЕДИАЦИЯ МӘМІЛЕГЕ КЕЛТІРЕДІ

 Медиация кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Жиын барысында кеңес мүшелерімен екінші жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспары талқыланды. Қазіргі кезде  қалада 4 медиация орталығы жұмыс жүргізеді. Олардың қызмет аясы Шымкент қаласы мен Түркістан…

МЕДИАЦИЯ МӘМІЛЕГЕ КЕЛТІРЕДІ

 Медиация кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Жиын барысында кеңес мүшелерімен екінші жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспары талқыланды.

Қазіргі кезде  қалада 4 медиация орталығы жұмыс жүргізеді. Олардың қызмет аясы Шымкент қаласы мен Түркістан облысын қамтиды. Маманданған медиация орталықтары мен қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ықпалдастық байланыстары бар.

 Осы орталықтардың 9 медиаторы қалалық ассамблея жанындағы медиация кеңесінің құрамына енгізілген. Бүгінде Ассамблея медиаторларының тізіліміне 12 кәсіби және қоғамдық медиаторлар еніп, этномедиация ұғымын ілгерілетуге қызмет атқаруда. Қазіргі таңда, халық арасындағы түсіндіру жұмыстарына 6 – кәсіби, 6 – қоғамдық медиаторлар  тартылған.

03.10.2023ж

Есть вопрос по медиации?Свяжитесь с нами удобным способом.
WhatsAppEmail
Нужна консультация?
WhatsAppНайти медиатора