5 тамыз – Медиация күніне орай, Шымкент қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында «Ашық есік күні» өтті

Шымкенттегі медиация орталықтарының білікті медиаторлары республикалық бірыңғай күн аясында қала тұрғындарына құқықтық көмек берумен қатар, даулы мәселелерді медиативті алаңда тараптарды қатыстыра отырып, оңтайлы шешу бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Азаматтарға кеңес беріп, оң нәтижеге қол жеткізудің жолдарын түсіндірді.

Медиация күні аясында ҚХА медиаторларына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқанның Алғыс хаты табысталды.

05.08.2022ж

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *