ТЫҢДАУШЫЛАРҒА СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкент қаласы «Достық үйінде» ғимаратында «Елдесу және татуласу» жобасы аясында

«Медиация  қызметін жүзеге асырудың  жолдары» тақырыбында  екі күнге созылған семинар-тренинг өз мәресiне жетiп, тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.

Семинар-тренингке Шымкент қалалық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің мүшелері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау, Тұран аудандары әкімі апаратының, құқық қорғау органдарының, салалық басқармалардың, этномәдени бірлестіктердің  өкілдері мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері қатысты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» этномедиация орталығының директоры Луиза Узарова, «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» этномедиация орталығы директорының орынбасары, тренер- сарапшы Фарида Мұсатаева, педaгогика-психология  магистрі, практикалық  психолог, «ЕуроАзиялық медиация орталығының» кәсіби медиаторы Гүлжан Қожахметова этномедиация жайында практикалық дәрicтер өткізiп, жергілікті медиаторлардың бiлiм-бiлiгiн арттырды.

26-27 қыркүйек күндері семинар-тренингке қатысушылар «Этномедиацияның негіздері», «Этникалық топтардың қатысуымен қақтығыстардың ерекшеліктері», «Қақтығыстарды өрістету кезеңдері», «Локализация әдістері», «Этносаралық шиеленісті анықтау тәсілдері», «Араздық тілі», «Этностереотиптер», «Этномедиатордың құзыреттері», «Дағдылар мен іскерліктерді талдау», «Практикалық кейстерді талдау» сынды дәрiстердi тыңдап, практикалық дағдыларын қалыптастырды.

27.09.2024 ж

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *