Бүгінгі күннің басты талабы — қоғамдағы ортақ түсіністікті, келісімді сақтау!
Ал ел ертеңі саналатын жастар — қашанда қоғамның қозғаушы күші!
Бүгін Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» және «Жастар ресурстық орталығы» мекемелерінің ұйымдастыруымен Орталық Азиялық инновациялық университетінің студенттерімен кездесу өтті.
Кездесуге “ЕуроАзиялық медиация орталығы” қоғамдық бірлестігі атынан кәсіби медиаторлар Ю. Пилецкая, З. Тарасова қатысты.
Жиында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттау және деструктивті теріс діни ағымдардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуде жастар арасындағы тәрбие, ұлттық құндылықтар, жастарды отансүйгіштікке баулу мәселелері қозғалып, ұлт араздығы мен діни түсініспеушіліктердің алдын алу, сонымен қатар, этномедиация бағытында түсініктер берілді.
20.04.2023 ж