МЕДИАЦИЯ МӘМІЛЕГЕ КЕЛТІРЕДІ

 Медиация кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Жиын барысында кеңес мүшелерімен екінші жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспары талқыланды.

Қазіргі кезде  қалада 4 медиация орталығы жұмыс жүргізеді. Олардың қызмет аясы Шымкент қаласы мен Түркістан облысын қамтиды. Маманданған медиация орталықтары мен қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ықпалдастық байланыстары бар.

 Осы орталықтардың 9 медиаторы қалалық ассамблея жанындағы медиация кеңесінің құрамына енгізілген. Бүгінде Ассамблея медиаторларының тізіліміне 12 кәсіби және қоғамдық медиаторлар еніп, этномедиация ұғымын ілгерілетуге қызмет атқаруда. Қазіргі таңда, халық арасындағы түсіндіру жұмыстарына 6 – кәсіби, 6 – қоғамдық медиаторлар  тартылған.

03.10.2023ж

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *