Медиация – бұл қоғамда туындайтын онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстар бойынша мемлекеттік органдардың қатысуынсыз және мемлекеттік мәжбүрлеуді қолданбай шешуге мүмкіндік беретін маңызды әлеуметтік құрал

«Медиация – бұл қоғамда туындайтын онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстар бойынша мемлекеттік органдардың қатысуынсыз және мемлекеттік мәжбүрлеуді қолданбай шешуге мүмкіндік беретін маңызды әлеуметтік құрал», — екенін атап өтті тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.

«Ағымдағы жылдың 9-шы айында медиация тәртібімен 562 қылмыстық іс тоқтатылды – немесе тараптардың татуласыу бойынша тоқтатылған істердің жалпы санының 3,5 %. Министрлік медиаторлармен өзара іс-қимыл сапасын арттыру мақсатында аумақтық тергеу және анықтау бөлімшелеріне қылмыстық – процесстік кодекстің 85-бабы шеңберінде медиаторлар палаталарымен ынтымақтастықты қамтамасыз ету туралы нұсқаулар жолданатын» , — айтты С.Әділов.

Шымкент қалалық сотында Парламент Сенаты депутаттарының көшпелі отырысы аясындағы медиацияны қолдану мәселелері бойынша дөңгелек үстелінде.

2022 жылғы 17 қазанда Шымкент қалалық сотында Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органы депутаттарының көшпелі отырысы аясында Владимир Волковтың төрағалығымен «Медиацияны қолданудың проблемалық мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жұмысқа Шымкент қаласының медиаторлары Шымкент қаласы Маслихатының, Парламент Сенаттың депутаттары, ІІМ, Прокуратура, Шымкент қаласы ҚАЖД өкілдері қатысты.

Спикерлер медиацияны сотқа дейінгі және сот кезеңдерінде қолданудың проблемалық мәселелері медиаторлармен өзара іс – қимыл тәртібі туралы пікір алмасты.

Шымкент қалалық соты

18  қазан 2022 жыл

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *