Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары, аудандық өзбек этномәдени бірлестігі филиалының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы медиация кеңесінің төрайымы, «ЕураАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Жыланбұзған тұрғын алабында жергілікті ақсақалдармен, қоғам белсенділерімен, ауыл тұрғындарымен жүздесіп, мемлекеттік этносаясат шеңберіндегі мақсаттар мен міндеттер жөнінде ой бөлісті.
Ашық форматта өткен кездесуде қоғам тұрақтылығын сақтау, елдің ішкі бірлігін нығайту, өзара сыйластықты арттыру, жастар арасындағы тәрбие, жастардың әскери борышты өтеуі, отансүйгіштікке баулу жөнінде айтылып, өзара пікір алмасулар жасалды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы ҚХА қарасты Медиация кеңесінің төрайымы, «ЕуроАзиялық медиация орталығы» ҚБ директоры Л.М.Акшегирова халыққа қандай да бір дау-жанжалдар орын алған жағдайда медиативті тәсілдерді қолдану ұсынып, медиация заңын толығымен түсінідіріп, қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді.
Халық батасын беріп, тарқасты.
21 сәуір 2022 жыл