Еңбектің еленгені

Шымкент қаласы Полиция Департаментімен Медиаиция саласын дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғандығын хабарлаған болатынбыз.

Осы Меморандум аясында Шымкент ҚПД медиация саласын дамыту мақстаында медиаторларға қолдау көрсете отырып, халық арасында бірлесіп көптеген жұмыстар атқарылды.

Сотқа дейін немесе сот барысында онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша халыққа медиацияны пайдалануға құқықтары бар екені ескертіліп, осыдан кейін екі тарап ерікті түрде медиацияға жүгініп, өзара келісімге келіп жатқан жайттар аз емес.

Осындай игілікті істерді тынымсыз атқарып жүрген «ЕуроАзиялық медиация орталығы» ҚБ директоры, кәсіби медиатор Лаура Мұратқызы Ақшегірованы Шымкент қаласы ПД басшысы, Генерал майор Қ.С.Дәлбеков мырза «Қазақстан Полициясына 30 жыл» медальімен марапаттады.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *