Бүгін «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі , Түркістан облыстық және Шымкент қалалық кәсіподақ филиалына қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларының қатысуымен «Еңбеккерлердің құқығы басты назарда» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел аясында кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғау барысында кәсіподақ тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар, еңбек заңдылықтарын бақылауда ұстау мен ұжымдық шарттың орындалу және әлеуметтік-еңбек мәселелері талқыланды.
Кәсіподақтың мақсаты жұмысшылар үшін қауіпсіз еңбек жағдайларының жасалуына, олардың лайықты жалақымен және әлеуметтік кепілдіктермен қамтылуына ықпал жасау. Бұл мақсатқа әлеуметтік әріптестік және ұжымдық шарт арқылы қол жеткізуге болады.
Кәсіподақтар федерациясы мен Жоғарғы Сот арасындағы Меморандум негізінде Бірлестік ғимаратында «Татуласу орталығы» өз жұмысы істейді. Сонымен қатар 2020 жылы Федерациямен іске қосылған Заң клиникасының мамандарымен де кәсіподақ мүшелеріне тегін кешенді құқықтық көмек ұсынылып отыр. Өткен жылы 28 кәсіподақ мүшесі түрлі құқықтық көмектер алды».
Қатысушыларға Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, «Татуласу орталығы» және Заң клиникасының жұмысы туралы ақпарат беретін, байланыс телефондары көрсетілген брошюра таратылды. Сонымен қатар бастауыш кәсіподақ төрағаларына кәсіподақ жұмысын әлеуметтік желілерде кеңінен насихаттау жөнінде түсіндірме берілді.
«ЕуроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігі директоры Лаура Ақшегірова «Татуластыру орталығы» мен Заң клиникасының жұмысы туралы қатысушыларға ақпарат беріп, қойылған сауалдарына жауап берді.
Кездесу соңында қатысушылар кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғаудағы, еңбек заңдылықтарының орындалуын бақылаудағы жұмысымызды жандандыра береміз деп тарқасты.