АБДУЛАБАД ЖӘНЕ БАЗАРҚАҚПА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің, Еңбекші ауданы әкімдігінің, «ЕураАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің, дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен Абдулабад, Базарқақпа тұрғындарымен кездесулер өткізілді.

Ашық форматта өткен кездесулерде қоғам тұрақтылығын сақтау, елдің ішкі бірлігін нығайту, өзара сыйластықты арттыру, жастар арасындағы тәрбие, жастардың әскери борышты өтеуі, отансүйгіштікке баулу, кереғар діни ағымдардан сақтанудың жолдары айтылып, өзара пікір алмасулар жасалды.

Сондай-ақ, «ЕураАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің  кәсіби медиаторы Ж.Асабаев қандай да бір дау-жанжалдар орын алған жағдайда медиативті тәсілдерді қолдануды ұсынып, заңды толық түсіндіріп берді.

Шымкент қаласы Қоғамдық келісім

05 Шілде 2022 жыл

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *